Kazakjob
Английская версияРусская версия
 
Бүгін: 38974 резюме (35536 ашық, 3438 жасырылған), 130 вакансиялар
Главная страницаРегистрация для КандидатовРегистрация для Компаний.
Цели компании Kazakjob Опыт работы компании Kazakjob Kazakjob для иностранцев
Kazakjob expats

ЖҰМЫС

Қазақстанның еңбек туралы заңдарына тән ерекшеліктері ішкі нарықты қорғау болып табылады. Сондықтан Қазақстанда табылуы қиын жоғары білікті сирек кездесетін мамандар елімізге жиі шақырылады.

Егер сіз сирек кездесетін мамандықтары бармамандардың қатарында Қазақстанда жұмыс істеуге келсеңіз, онда сізге жұмыс орнын ұсынушы жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тартуға міндетті түрде лицензиясы (рұқсаты) болуы керек. Соған орай ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің берген рұқсатының негізінде ҚР сыртқы істер министрлігі сізге жұмыс істеуге құқығын беретін виза ұсынады.

Егер сізде және Қазақстанда жұмысқа шақырған жұмыс берушіде Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат болмаса, онда сіздің бұл елде жұмыс істеуге құқығыңыз болмайды. Бірақ заңнамада бірқатар айырықшылықтар қарастырылған.

Жұмыс берушілерге ҚР 19.06.01 жылғы № 836 шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған ережесі бойынша белгіленген шарттары мен тәртіптері, квоталарының анықтау ережелері арқылы ҚР аумағында жұмыс істеуге рұқсатты қажет етпейтін шетелдік азаматтардың төмендегідей категориялары белгіленген. Оларға мыналар жатады:

1) ҚР жұмыс істейтін шетелдік компаниялар бөлімдерінің жетекшілері;
2) 45 күннен аспайтын іс-сапармен келген шетелдіктер;
3) Қазақстан Республикасы үкіметінің контракты бойынша сомасы 50 миллион АҚШ долларынан асатын инвестициясы бар шетелдік ұйымдардаң жетекшілері;
4) банк және сақтандыру ұйымдары мен зейнетақы қорларының жетекшілері;
5) Қазақстанда тіркелген дипломатиялық өкілеттіліктердің және халықаралық ұйымдардың жетекшілері;
6) Қазақстанда тіркелген бұқаралық ақпараттар құралдарының, радио және телевизия қызметкерлері;
7) Қазақстанда тіркелген қайырымдылық қоры және ізгілік көмек көрсету ұйымдарының қызметкерлері;
8) шетелдік теңіз, өзен кемелері, әуе, теміржол, автокөлік экипаждарының мүшелері;
9) Қазақстан ұйымдарымен келісім шарт бойынша жұмыс істейтін әртістер және спортсмендер;
10) жеке кәсіпкерлер, оларға қоса халыққа сауда және қызмет көрсету, сонымен қатар жөндеу және тұрғын үй салу саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлер ;
11) ҚР тұрақты өмір сүретін (тұрғын үйі бар) шетелдік азаматтар;
12) Ресми түрде танылған басқындар және Қазақстанда саяси баспана алған адамдар.

Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың негізгі құқықтары және міндеттері

Осы басылымда бар ақпарат туралы толығырақ кеңес-түсініктемелер алу үшін келесі мемлекеттік орындар және ұйымдарға өтініш жасауға болады:
1. Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Миграциялық полициясы Департаменті, Астана қ., тел: (3172) 11-61-81, 11-61-76;
2. Алматы қаласының Миграциялық полициясы басқармасы УДМБ, Алматы қ., тел: (3272) 54-41-34, 54-41-40, 54-41-42(3272) 54-41-34, 54-41-40, 54-41-42,
3. Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі: Консулдық қызмет Департаменті, Астана қ., тел: (3172) 32-72-06, Консулдық қызмет Департаменті Алматы қ., тел: (3272) 63-47-06/85;
4. Қазақстан Республикасындағы адам құқығы бойынша уәкілі тел: (3172) 15-29-67, факс: (3172) 32-17-67
5. Қазақстан Республикасы көші-қон және демография агенттігі, Астана (3172) 31-79-25; басқындармен жұмыс істеу бөлімі, (3172) 31-83-14, қосымша 105; оралмандармен жұмыс істеу бөлімі (3172) 31-83-14/31-75-74, қосымша 106;
6. Алматы қаласы көші-қон және демография бойынша бөлімі, тел: (3272) 73-94-86/73-02-71;
7. Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Астана қ., тел: (3172) 15-36-53/15-36-28;
8. Алматы қаласы әкімі аппаратының экономика бойынша кабинеті, Алматы, тел (3272) 71-65-54; 71-65-83;
9. Қазақстанға келген басқындарға құқықтық көмек көрсету, Алматы қ., тел: (3272) 73-55-75, 73-21-20;
10. БҰҰ басқындар ісі бойынша Жоғарғы Коммиссарының басқармасы, Алматы қ., (3272) 62-84-48, 62-42-44;

Размещайте рекламу на страницах Kazakjob.com!
Kazakhstan Financial Market



Kazakjob?      Казахстан?      Вакансии      Контакты
Все права защищены © 2005 Kazakjob.com